Махсот Николаевич Маңғұбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Махсот Николаевич Маңғұбаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1960 жылы туған, Ресей, Ростов облысы) – ішкі істер қызметкері. КСРО ІІМ-нің Алматы арнайы милиция мектебін (1983), Қарағанды жоғары арнайы милиция мектебін (1991) үздік бітірген. Бейнеуде ауданы, ішкі істер бөлімінде милиционер, 1992 – 1997 жылдары Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының, 1997 – 1999 жылдары Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болды. ҚР ІІМ академиясын (2001) бітіріп, 2002 жылдан Маңғыстау облысы ІІД бастығының тәрбие және кадр жұмыстары бойынша орынбасары қызметін атқаруда. «Ерлігі үшін», 1, 2, 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, ҚР ІІМ-нің грамоталарымен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>