Махмұт Шәкәрімұлы Тойкенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Махмұт Шәкәрімұлы Тойкенов - 1963 жылы 1 маусымда Семей облысы Мақаншы ауданының Бақты ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Тойкенов Шәкәрім, марқұм, мал өсірумен айналысқан. Анасы -Тойкенова Нағима, марқұм, мал өсірумен айналысқан. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1991) концерттік әнші, оқытушы мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын (2007) музыкалық театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1980 жылдан - Семей облысы Мақаншы ауданының «Шаған» кеңшарында суретші-безендіруші.
  • 1991 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы халық әндерін оырндау кафедрасының оқытушысы, 1995 жылдан - аға оқытушысы.
  • 1998 жылдан - Алматы қаласындағы №1 балалар музыкалық мектебінің эстрадалық жеке ән орындау пәнінің оқытушысы.
  • 1999 жылдан - «Көкіл» колледжі эстрадалық жеке ән орындау бөлімінің меңгерушісі (Алматы қаласы).
  • 2000 жылдан – ҚР Президенттің Мәдениет орталығы директорының орынбасары.
  • 2003 жылдан - К. Байсейітова атындағы Ұлттық oпepa және балет театры директорының орынбасары.
  • 2009 жылдың маусымынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының бастығы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006).

Діни көзқарасы - діндар, мешітке барып тұрады.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген, демократиялық, кемел және бәсекеге қабілетті мемлекет».
Хоббиі - музыкалық шығармашылық, поэзия.
Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық қазақ әдебиеті; И. Байзақов, К. Ілиясов және басқа да Шығыс Қазақстанның қазіргі заманғы жазушылары мен ақындары.

Үйленген. Жұбайы - Нұркенова Майра Балтабекқызы (1959 жылы туған), Астана қаласындағы Мемлекеттік филармонияның жеке орындаушысы. Ұлдары - Тойкенов Нарұл Махмұтұлы (1985 жылы туған), Тойкенов Еренбек Махмұтұлы (1987 жылы туған); қызы - Тойкенова Рахима Махмұтқызы (1996 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub