Махмуд әл-Фараби

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Махмуд әл-Фараби (туған-өлген жылы белгісіз, Отырар өлкесі) — Отырарды азат ету козғалысының басшысы. Махмуд әл-Фараби туралы алғашқы деректі Бартольд "Түркістан мемлекеттілігінің тарихы жөніндегі бағдарлама" атты жазбасының "Шыңғысхан және моңғолдардың мемлекеттік биліктің дамуына ықпалы" атты тарауында "Махмуд әл-Фараби қозғалысы және оның әлеуметтік тамырлары" деген бөлімде көрсетпекші болған. Алайда Бартольдтің бұл еңбегі тек жоспар түрінде құрылып, жалғасын таппағандықтан, Отырар перзенті кім және ол қандай қозғалыстың басшысы болып, нендей ерлік көрсетті деген сұраулар әлі күнге жабық қалған. Тек, тарихта Махмуд әл-Фараби есімді отырарлық патриот перзенттің болғандығын растайтын осы бір жолдар сақталған. Енді бір деректерде Захир ад-Дин Мухаммед Бабыр өзінің шығармасында Солтүстік Үндістанды жаулап алатын тұстағы бір жорықта намаз оқығанда өзімен бірге жүрген Мұхаммед Фараби атты кісінің имамдық еткенін айтқан. Бірақ мұнда да бұл жолдардан басқа дерек жоқ. Бұл Фараби отырарлық Махмуд әл-Фараби ме, жоқ, соған аттас басқа біреу ме, ол жағы толық зерттелмеген.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Махмуд әл-Фараби|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}