Махмет Сәкенұлы Бекшин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Махмет Сәкенұлы Бекшин.jpg
Махмет Сәкенұлы Бекшин

Махмет Сәкенұлы Бекшин (1936 жылы туған), партия, кеңес қызметкері. Қарқаралының түлегі. Қарқаралы зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумын (1962), Целиноград а. ш. институтын (1977), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1979) бітірген. Еңбек жолын Қарқаралы ауданындағы Комсомол ұжымшарында есепші болудан бастаған. Боран ауылдық кеңесінің хатшысы, Қарқаралы аудандық Боран ауылдық округі комсомол комитетінің хатшысы, «Бесоба» кеңшарының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Нұра аудандық партия комитетінің 2-хатшысы, Қарқаралы ауаткомының төрағасы, аудандық партия комитетінің 1-хатшысы (1978-1985), Қарағанды облыстық а.ш. өнімдерін сатып алу және сапасын тексеру инспекциясының бастығы қызметтерін атқарады. Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, «Еңбек данқы» ордендерінін иегері.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}