Маханбет Жүсіпұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маханбет Жүсіпұлы (12.1. 1948, Ғазалкент қ. (Қожыкент), Өзбекстан Республикасы) — ақын, аудармашы, филол. ғыл. докт., проф. Ташкент пед. ин-тын бітірген (1971). 1971 — 93 ж. осы ин-тта қазақ, өзбек, орыс тілдерінің оқытушысы.

1993 жылдан Ташкенттегі Әлем тілдері ун-тінің орыс тілі кафедрасының меңгерушісі. Алғашқы ахметтанушылардың бірі ретінде А.Байтұрсыновтың сингармофонология теориясын тіл білімінде тұңғыш зерттеген. Ол фонемограф. тұрғыдан Байтұрсынов зерттеулерінің Н.Ф. Яковлев (Ресей), Р.О. Якобсон (АҚШ) еңбектерімен тең түсетіндігін дәлелдеп, “А.Байтұрсынов және қазақ тілі фонологиясы” атты еңбек жазды (1998). Ол ғыл. еңбектерінде қазақ тілі мен тарихына, этнографиясына қатысты мәселелерді қарастырды. Маханбет 100-ге тарта ғылыми еңбектің (оның ішінде 3 монографияның, 6 оқулықтың) авторы. М. Жұмабаевтың бір топ өлеңдерін орыс тіліне, А.Ахматованың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маханбет Жүсіпұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}