Махами Абдоллаұлы Яхин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Махами Абдоллаұлы Яхин (1906-1984), комсомол, партия қызметкері. Ленинград кеңес- партия мектебін бітірген (1941). Соғысқа дейін Қарқаралы аупарткомының 2-хатшысы, Нұра аупарткомының 1-хатшысы болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941-45). Соғыстан кейін облыстық партия комитеті мал шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлмінің меңгерушісі, 1949-1960 жылдары Қоңырат (қазіргі Ақтоғай) аудандық партия комитетінін 1-хатшысы болды. Аудан экономикасын көтеруде қажырлы енбек етті. Облыстық тұтынушылар одағында қызмет атқарды. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Үкімет наградаларымен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}