Махаметжан Абдуллаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Махаметжан Абдуллаев (20.12.1936 жылы туған, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылы) — ғалым, ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1994). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1967-1969 ж. Қазақтың мал өсіру ҒЗИ-ның Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында инженер-механик, 1969-1983 ж. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде жаңа технология бөлімінің ғылыми қызметкері, 1983 жылдан қой өсіру технологиясы бөлімінің меңгерушісі. 90-нан аса ғылыми еңбегі, соның ішінде 3 монографиясы жарияланған. Негізгі жұмыстары қой шаруашылығындағы технол. үдерістерді кешенді түрде механикаландырудың теориялық және практикалық мәселелеріне арналған. Бірнеше медальмен марапатталған.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub