Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов (25 желтоқсан 1960 жыл, Гурьев) — қазақстандық мемлекеттік және қоғам қайраткері, Атырау облысының әкімі (2019–2022)<ref>Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Білімі
Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан.
- 1983 ж. – И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген.
- 2016 ж. – Қазақ мемлекеттік заң университетін, іскери әкімшілік ету магистрі бойынша тәмамдаған.<ref>Досмұхамбетов Махамбет Жолдасғалиұлы</ref>.
Еңбек өтілі
- 1983-1986 жж. – «Ембі мұнай» ӨБ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының геологы.
- 1986-1987 жж. – «Емб імұнай» ӨБ ОИТҚ «Балықшы» барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.
- 1987-1991 жж. – «Ембі мұнай» ӨБ ЖИТҚ №1 Балықшы барлама бұрғылау басқармасының бас геологы.
- 1991-1994 жж. – «Мақат мұнай» мұнай-газ басқармасының бас геологы, «Мұнай» кеңес-америкалық бірлескен кәсіпорнының жетекші геологы.
- 1994-1995 жж. – Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) бас геологы.
- 1995-1996 жж. – Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) Қырықмылтық өнеркәсібінің директоры.
- 1996-1997 жж. – «Ес-Бол» ЖШС-ның техникалық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары.
- 1997 ж. – «Ембімұнай» АҚ геологиялық бөлімінің бастығы. 1997-2000 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының техникалық саясат департаментінің бас геологы, мұнай және газ шығару мен тасымалдау департаментінің геология жөніндегі бас менеджері.
- 2000-2001 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының мұнай-газ кен орындарын өңдеу және геология департаментінің директоры.
- 2001-2002 жж. – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының шикізат базасын дамыту және жер қойнауын қорғау департаментінің директоры.
- 2002-2003 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ геология және өңдеу департаменті директоры, қолданыстағы келісім-шарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары. * 2003-2004 жж. – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ БК-да үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары. 2004-2006 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіріс-техника сараптамасы департаментінің директоры, геология және өңдеу департаментінің директоры.
- 2006-2009 жж. – «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас геологы. 2009-2012 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас геологы, геология және геофизика бойынша бас директорының орынбасары. 2012-2013 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ геология және әзірлеу бойынша бас директорының орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі.
- 2013-2015 жж. – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы).
- 2015-2016 жж. – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Геология бойынша басқарушы директоры –бас геологы, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары.
- 2016 жылдың тамыз-қарашасы – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ ірі операциялық емес активтар мен теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті.
- 2016 жылдың 11 қарашасынан – 2019 жылдың 18 желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика бірінші вице-министрі.<ref>Махамбет Досмұхамбетов ҚР бірінші энергетика вице-министрі болып тағайындалды</ref>.
- 2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылы 7 сәуірде лауазымынан босатылды.
Қоғамдық қызметі
М.Ж.Досмұхамбетов – 1997 жылы «Шығыс Мақат» кен орнының алғашқы ашушысы.
Марапаттары
- 2016 жылы «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
- «Қазақстан Республикасының жер қойнауын барлаудың үздігі» (2003 ж.) және «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» (2005 ж.) атақтарының иегері.
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001 ж.) және KAZENERGY Ассоциациясының «Мұнай және газ саласының дамуына қосқан жеке үлесі үшін» медалімен (2009, 2013 ж.) марапатталған.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдерінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» ӨБ АҚ Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталған.