Маухида Атнағұлқызы Абдулкабирова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Маухида Атнағұлқызы Абдулкабирова (4 қараша 1917 – 2003, Башқортостан, Уфа ауданы, Нурлино ауылы) — ғалым, геолог, геология-минералдар ғылымының докторы (1973). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1990). 1941–1983 жылдары Қазақ КСР ҒА Геология ғылымдары институтында сектор меңгерушісі. Геология, металлогения, стратиграфия бойынша еңбектердің авторы.<ref>Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Мансабы

Қазақ тау-кен металлургия институтын (1941), қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті бітірген.

1993 жылдан Қазақстан ғылым академиясының жетекші ғылыми қызметкері, Геологиялық ғылымдар институтында кіші-аға ғалымы қызметкер, арнаулы металдар секторының меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі болды. Ғылыми-зерттеулерің геологиялық және металлогения мәселелеріне арнаған. Абдулкабирова Солтүстік Қазақстанда жер қыртысы дамуының жаңа формаларын анықтап, оның кен түзілуі мен таралуындағы рөлін және кен орындарының орналасуының жаңа заңдылықтарын дәлелдеді, бұл аймақтың болжамдық геологиялық карталарын құрастырды, кен іздеу жұмыстарының бағытын көрсетті. Ол Солтүстік Қазақстанда алмас іздеудің теориялық негіздерін жасады. Оның болжамы бойынша, Құмдыкөл алмас кен орны ашылып, барланды. Ол әріптестеріне өзінің ізденімпаз ақылымен және қарапайым мінезімен танымал болды.

Марапаттары

  • КСРО Мемлекеттік сыйлығы - 1990.
  • «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі - 1987.

Еңбектері

Өзінің мансабында ол 115 ғылыми еңбек жазды, оның ішінде:

  • Көкшетау ауданының метаморфты жыныстарының петрографиясы бойынша материалдар (1949 - Алма-Ата)
  • Блок-блоктық құрылымдар және Солтүстік Қазақстанның эндогендік кен орындары (1975)
  • Рудалық түзілімдер, алтынды кең орындары, А.-А., 1980;
  • Қазақстанның блок-блоктық құрылымдары және алтын металлогениясы (1982)
  • Солтүстік Қазақстан геологиясы: (стратиграфия) (1987)
  • Тектоника және Солтүстік Қазақстанның терең құрылымы (1988)
  • Арх-блоктық құрылымдар және алтынның металлогениясы, Қазақстан, А.-А., 1982;

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер