Маула Мұхаммад әл-Фараби

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Маула Мұхаммад әл-Фараби (1320 жыл шамасы Отырар қаласы - өлген жылы белгісіз, сонда) — діни қайраткер, ұстаз. Сауатын отырарлық медреселердің бірінен ашып, Шаш, Бұхара, Самарқанд медреселерінде білімін жалғастырған. Негізгі еңбегі — Низам ад- Дин бин Мухаммад Азиз аш- Шашидің "Усул" (Негіз) атты шығармасына жазған түсіндірмесі (1379). Бұл еңбегінде ол ислам діні мен Алланың бірегейлігі, Алланың әділдігіне сену, Мұхаммед және оған дейін өмір сүрген пайғамбарлардың елшілік миссиясын тану, өлетіндердің тірілетіндігі, қиямет-қайым мен о дүниелік өмірге деген сенім турасындағы ой-пікірлерін келтірген.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub