Материалдық резервтерді басқару органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі (2000-2004)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" ҚР Президентінің 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2000, № 52-53, 589-бап). </ref> құрылды, оған таратылған ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық қорлар жөніндегі комитетінің функңиялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 23 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 23 қаңгардағы № 111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, №3, 31-бап). </ref> агенттік туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР Үкіметінің құрамына енбейтін, мемлекеттік материалдық резервтер саласында басқаруды, арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ осы салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттік материалық резерв жүйесін қалыптастыру және дамыту; мемлекеттік материалдық және жұмылдыру резервтері материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын бақылау; өз құзіреті шегінде мемлекеттік резерв саласында ҚР заңнамасынвщ сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасыньщ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №36, 474-бап).

</ref> агенттік таратылды. Оның және таратылған ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің негізінде ҚР Тотенше жағдайлар жөніндегі министрлігі құрылды.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}