Матвиенко Борис Андреевич
Матвиенко Борис Андреевич (10.8.1918 ж.т., Қарағанды облысы Қарқаралы қ.) — ғалым, биол. ғыл. докт. (1960), проф. (1963). Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын (қазіргі Қазақ өлттық агр. ун-ті) бітірген (1937). 1937 — 39 ж. түрлі шаруашылықтарда мал дәрігері, 1945 — 78 ж. Алматы зоотех.-мал дәрігерлік ин-тында ғыл.-пед. қызметтер атқарды. Қазіргі уақытта ветеринарлық биопрепараттар шығаратын “Сальвак” ғыл.- өндірістік бірлестігінің директоры. “ұыл. еңбектерінің негізгі бағыты малдәрігерлік микробиология мәселелеріне арналған. М. малдың (сальмонеллез) ауруына қарсы вакцина дайындап, өндіріске енгізді, малдың іш тастауы мен жас төлдің өкпе қабыну ауруларының себептерін анықтап, оған қарсы шаралар ұсынды. М. 70-ке жуық ғыл. еңбектің авторы, 3 авторлық куәлігі бар. Шошқа қылауына қарсы вакцина тапқаны үшін Қазақстан Мемл. сыйл. берілді (1972). М.Байленова </p><ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Сілтемелер
<references />