Матақ даласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Матақ даласыҚарқаралы тауларының солт.-батысындағы жазық өңір. Батысы Нұра өз-нің аңғарымен, шығысы Жарлы өз-нің төм. аңғарымен, солт-і — Шағырадыр, Қарағанды, оңт-і Жуантөбе,Егізқызыл тауларымен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 50 км-ге, солт-тен оңт-ке қарай 30 км-ге созылып жатыр. Жалпы ауданы 1500 км². Теңіз деңгейінен орташа биікт. 600 — 650 м. Жер бедері негізінен жазық. Климаты континеттік. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –16С, шілдеде 19С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 350 мм. Орта тұсынан шығыстан батысқа қарай Нұраның оң саласы — Матақ, оңт-тен солт-ке қарай Қараөзен өзендері ағады. Далалық сортаң, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қызғылт селеу, қылқан селеу, көк шұнақ бетеге, австрия жусаны, қараған, тобылғы, өзен жағаларында қамыс өседі. Жерінің көпшілік бөлігі егін ш-на пайдаланылуға қолайлы. С. Әбдірахманов<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}