Массачусетс технологиялық институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

Сурет:MIT Building 10 and the Great Dome, Cambridge MA.jpg
Университеттің бас ғимараты

Массачусетс технологиялық институты (Үлгі:Lang-en) — университет және зерттеу орталығы. АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АҚШ Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында орналасқан.

Массачусетс технологиялық институты әлемдегі атақты университеттерінің алғаш бестігіне кіреді<ref>РЕЙТИНГ ЛУЧШИХ УНИВЕРСИТЕТОВ МИРА ПО ВЕРСИИ TIMES HIGHER EDUCATION — ИНФОРМАЦИЯ ОБ ИССЛЕДОВАНИИ</ref>. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері елдегі ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар университет менеджмент, экономика, лингвистика, саяси ғылымдар және философия салаларын оқытуымен танымал.

Бөлімдері

  • Архитектура
  • Астрономия
  • Аэронавтика
  • Биология
  • Гуманитарлық ғылымдар
  • Денсаулық сақтау
  • Инженерия
  • Ақпараттық технологиялар
  • Математика
  • Менеджмент
  • Физика
  • Химия

Оқу бағасы

Университеттегі оқу бағасы, тұрумен бірге 1 жыл үшін орташа санағанда - 77 мың АҚШ доллары.

Университетке қабылдау шарттары

Университетке түсу үшін арнайы тестті өтіп,мәлімдемені жіберіп интервьюді өту керек.TOEFL және SAT экзамендерін өту міндетті. TOEFL тесті бойынша минималды ұпай - 577 ұпай (қағаз нұсқасы), 90 ұпай-компьютерлік нұсқасы.Кейін абитуриент өзі туралы эссе жазады.Сонымен қатар, кандидатқа 3 кепілдемелік хат қажет - 2-уі мұғалімдерден (жаратылыс және гуманитарлық ғылымдар) және мектеп психолыгынан. Соңында абитуриент сұхбаттасуға шақырылады.<ref>Massachusetts Institute of Technology</ref>

Галерея

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер