Масақты қарғашөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Масақты қарғашөп (Үлгі:Lang-la) - сарғалдақтар тұқымдасы, қарғашөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Сурет:Масақты қарғашөп (гүлі, жемісі).jpg
Масақты қарғашөп: 1- гүлі, 2 - жемісі
  • Биіктігі 40-70 см.
  • Тамыр сабағы жуан, көп тармақты.
  • Сабағы тықыр немесе жоғарғы жағы аздап түкті, түп жағында қоңырқай түсті жапырақ сағақтарының орны сақталған.
  • Жапырағы үш салалы, сопақ, аздап үшкір немесе домалақ, кейде жүрек тәрізді, жиегі ара тісті немесе тілімделген.
  • Ақ түсті ұсақ гүлдері қысқа сопақша келген гүлшоғырына топтасқан. Жеміс берген кезде пішіні ұлғаяды. Тостаған жапырақшалары жіңішке, жасыл немесе қызғылт, ерте түсіп қалады. Шірнелік күлтелері ақ, ұшы домалақ, ұзындығы 2 мм. Аталығы ақ, шірнелік күлтелерінен екі есе ұзын.
  • Жемісі - шар тәрізді, сырты жылтыр қара жидек. Мамыр-маусым айларында гүлдейді.

Өсетін орны мен таралуы

Қарғашөптің 10 түрі бар. Түрлері Солтүстік Еуропада, Кавказда, Батыс Сібірде, Моңғолияда, Қытайда, Жапонияда, Солтүстік Америкада кездеседі. Қазақстанда 2 түрі масақты қарғашөп және қызыл жемісті қарға шөп Алтай тауларында, Жалпы Сырт сілемдерінде, Семей орманында, Каспий маңы ойпатында өседі. Екеуі де улы өсімдік.

Емдік қасиеті

Емдік мақсатта халық медицинасында тамырынан жасалынған тұнбаны ревматизм, бақшаңкөз (базедова ауруы), демікпе, безгек ауруларына тыныштандыру үшін, жапырағын бас, соз ауруларына, қан тоқтатуға қолданады. Улы өсімдік болғандықтан оның сөлі дене терісін күйдіреді, тамыры дем алу жүйесін бұзады, жемісі құлақ естуіне кері әсер етеді.

Шаруашылықтағы қолданысы

  • Жемісінен қара бояу алады.
  • Саябақтарда, көшелерде сәндік үшін өсіреді. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>