Масат Ата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Масат ата — қорым. Атырау облысының Үштаған сілемінен оңтүстікке қарай 25 км қашықтықта. Аңыздарға қарағанда бұл қорым Мешхедтен шыққан әулие Масаттың есімімен аталған. Құрылысқа жер бетіне шығып жатқан әк тастар пайдаланылған. Осы жерде есігі оңт-ке қаратылған жартылай жер асты бір бөлмелі мешіт тұрғызылған. Масат Ата қорымында түрікмен және қазақ бейіттері бар. Ескерткіштердің бірінші тобы (1418 ғ-лар) гөрханадан және қойтас тұрпатты көптеген құлпытастан құралған. Ескерткіштер ықшам аумақты сәндік белгілермен, жазу-сызулармен безендірілген. Құлпытастарға таңбалар, әр түрлі бедерлер салынған. Қазақ бейіттері қорымның солт.-шығыс шетіне тұтас орналасқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}