Маршрут қағазы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маршрут қағазы қарапайым, категориясыз және демалыс күндеріндегі жорықтарға қатысатын топтардың негізгі жол құжаты. Маршрут қағазында туристер тобының құрамы және адамдардың саны көрсетіледі. Соның ішінде жорықты бастаушы мен оның орынбасарының аты-жөндері, топтағы әрбір адамның міндеттері, күнтізбелік мерзімі, жорықтың бағыт-бағдары, туризмнің түрі, жорық маршрутының қашықтығы, өту мерзімдері, жүру әдістері, маршруттың белгілі бір бөлігін өткендері туралы белгілер маршрут үлгісі көрсетіледі. Маршрут қағазы бойынша туристер ұйымының, клубтарының жұмыстары есептелініп, жасөспірімдер разрядтары мен "жас турист" және "Қазақстан турисі" белгілері табыс етіледі.

Маршрут құжаттары

Маршрут құжаттары, туристік жорық маршруттарын жүріп өтуге және қажетті жағдайларды бір жүйеге келтіріп дайындауға арналған жазбаша мәтін мен графикалық материалдар. Маршрут құжаттарына жататындар:

  • маршрут кітапшасы немесе маршруттың бір бет қағазы;
  • карталар жобалары әлде баска бір құжаттар;
  • маршруттың немесе оның кейбір бөлімдеріне арналған жазбаша түсініктер әлде жол көрсеткіштері.

Маршрут кітапшасы және жорық бойынша есепке қатысты маршруттық - мамандық комиссиясы жүріп өткен маршрутқа сәйкес есеп беру хаттамаларын жазады. Жорықты басқарған және жорыққа қатысқан адамдарға нақтылы қиындық категориясы көрсетілген анықтама қағаздар қолдарына беріледі.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маршрут қағазы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}