Маршрут кітапшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маршрут кітапшасы туристік топтардың жол сапарларына арналған 1-6 қиындықтағы туристік спорт жорықтарына арналған туристік топтың негізгі құжаты. Маршрут кітапшасына туристік топтар туралы - қай мекемеге, ауданға, қалаға жататындығы, туристер құрамының саны, туризмнің түрі, жорықтың бағыты және маршруттары, сонымен қоса топтың тізімі, және т.б. жалпылай мәліметтер енеді. Маршрут кітапшасы маршруттық тексеру комиссиясы белгілі бағыт бойынша жүрудің дұрыстығын және туристердің дайындығын тексергеннен кейін олардың қолдарына беріледі. Тексеру комиссиясының мөрімен куәландырады. Бұдан басқа маршрут кітапшасына саяхаттың нақтылы күндеріне арналған күнтізбелік жоспары көрсетіледі - жолдың ұзақтық көлемі және қозғалыс әдістері; жорық маршрутының үлгісі, материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, арнаулы құрал-жабдықтар, маршрутқа шыққан күнгі жүктердің салмағы; тексеру орындары және тексеру мерзімі белгіленіп ескертулер жасалынып, маршруттық тексеру, құтқару қызметі комиссиясының ескертулері жазылады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маршрут кітапшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}