Мархабат Байғұт
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазушы Мархабат Байғұт (25 мамыр, 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Пістелі ауылында туған) — жазушы, журналист, аудармашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты (1996). Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2007). Қазақстанның Құрметті журналисті (2009).
Мазмұны
Толығырақ
ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.
- Әскери борышын өтеген соң Түлкібас ауданының «Шамшырақ» газетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды.
- 1985 – 2001 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының облыстық бөлімшесінің жетекшісі, облыс әкімшілігі аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, облыстың тіл басқармасының бастығы (1993 – 97). Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, облыстық басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
- 2001 жылдан басқарма бастығы. «Шілде», «Сырбұлақ», «Интернаттың баласы», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Дауыстың түсі», «Машаттағы махаббат», «Серт пен сенім», «Ақпандағы мысықтар», тағы басқа кітаптары жарық көрді. Шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Ол В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын аударған.
- Республикалық «Жалын» баспасы белгілеген сыйлықтың екі дүркін, «Қазақ әдебиеті» газеті сыйлығының үш дүркін иегері.
Мемлекеттік марапаттары
- 1996 жылы «Құрмет ордені»
- 1996 жылы «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты
- 2004 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді
- 2007 жылы «Ерекше қызыметі үшін» медалі
- 2007 жылы Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасы
- 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (құрметті атағы берілді).
- 2009 жылы Қазақстанның Құрметті журналисті
- 2010 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік степендиясының иегері
- 2014 жылы президент жарлығымен мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды.
Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
Хоббиі
Хоббиі - оқу, табиғат.
Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті – повестер, әңгімелер.
Үй жағдайы
Үйленген. Жұбайы - Байғұтова Қыздаркүл (1949 жылы туған), зейнеткер. Қызы - Ақлима (1969 жылы туған); ұлдары - Нұрлан (1974 жылы туған), Дулат (1977 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}