Марк Исаакович Беркович
Үлгі:Кинематограф Марк Исаакович Беркович (30 қаңтар 1914 жыл, Украина, Одесса — 12 наурыз 1986 жыл, Алматы) — кинооператор, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978).
Өмірбаяны
- Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1937).
- 1937 — 1956 ж. “Мосфильм” мен “Моснаучфильм”, ал 1956 — 1986 ж. “Қазақфильм” студияларында қызмет етті.
Фильмдері, еңбектері және марапаттары
Ш. Аймановпен шығармашылық бірлікте болып, ол қойған “Біз осында тұрамыз” (1957), “Біздің сүйікті дәрігер” (1958), “Бір ауданда” (1960), “Әнші ауыл” (1961), “Алдаркөсе” (1965), “Тақиялы періште” (1968), “Найзатас баурайында” (1969) фильмдерін, сондай-ақ, “Асау Ертіс жағасында” (1956, режиссер Е.Е. Арон), “Ән қанаты” (1966, реж. Ә.Мәмбетов) атты көркем фильмдерді түсірді.
Беркович — “Бес жылдан кейін” (1962), “Мұқанның қайта тууы” (1970), “Алматы”, “Алғашқы гүлдер”, “Жаңа жылыңызбен” (1971), “Шәкен Айманов” (1974), “Түсті металлургия” (1979), “Обелиск”, “Жаңа алаң” (1982), т.б. ғылыми-көпшілік және хроникалық-деректі ленталардың түсірушісі және қоюшысы. “Аяқталмаған өмір киноленталары” (1985) атты естелік-кітаптың авторы.
2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдермен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>