Марк Акимович Клешня
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Клешня Марк Акимович (1899, Днепропетровск облысы - 1961, Ақмола облысы)- партия қызметкері, Социалистік Еңбек Ері (11.1.1957).
Семей губерниясы Кеңес партия мектебін бітірді (1927). Қазақстандағы Азамат соғысына қатысты. 1917-1926 ж. Семей, Павлодарда болыстық, уездік органдарда қызмет істеді. 1928-1934 ж. Павлодар окургтік аткомының нұсқаушысы және оның бөлім меңгерушісі, М.Горький ауаткомының және Булаев ауаткомының төрағасы. 1934-1937 ж. Ақмола аудандық жоспарлау бөлімінің және жер бөлімінің меңгерушісі, Тельман ауаткомының төрағасы. 1937-1942 ж. Қарағанды облысы астық шаруашылығы басқармасының бастығы, Ақмола ауаткомының төрағасы. 1942-1951 ж. Қазастан КП Балқашин аудандық комитетінің хатшысы. 1951-1958 ж. Шортанды аудандық партия комитетінің бірінші хатшасы болды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 471 бет</ref>