Марина шұңғымасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мариана шұңғымасы — Тынық мұхиттың батысында Мариана аралдарын бойлай 1340 км-ге созылып жатқан тар депрессия. Көлденең қимасы V тәрізді, беткейі тік (7 — 9Ә). Табаны тегіс, ені 1 — 5 км. Орташа тереңд. 8 — 11 км. Ең терең жері — оңт. бөлігінде 11022 м. Бұл дүниежүз. мұхит бойынша ең терең жер. Оны 1958 ж. кеңес ғалымдары “Витязь” кемесінде ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізгенде анықтаған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>
Дереккөздер
<references />