Марина Максимова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марина Максимова – журналист.<ref>«Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» Алматы, 2008 жыл. ISBN 9965-9860-7-X</ref>.

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мен ҚМЭБИ-дің саясаттану факультетін үздік тәмамдаған.

Марина Қаскелеңдегі аудандық газет редакторының орынбасары, республикалық «Советы Казахстана» басылымының парламенттік шолушысы, КТК мен «ГалаТВ» редакторы, «Оңтүстік Астана» ТРК тележобалар жетекшісі, «Алматы» ТРК бағдарламалар департаментінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Халықаралық «Бархатный сезон» (2002 жыл, Ялта), республикалық «Жүректен жүрекке» (2003, Алматы) байқауларының авторы. 

Жасөспірімдер нашақорлығы туралы «Подранки» кітабының мен Орталық Азия журналистеріне ВИЧ/СПИД мәселелерін жазу (ЮНЕСКО) жөніндегі тұңғыш мультимедиялық кітаптың авторы. ЮНЕСКО-ның ВИЧ-СПИД жөніндегі тренингтерінің оқытушысы. Қазіргі уақытта «Әділет әлеуметтік-қоғамдық құрылымы» қорының президенті.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}