Мардымдылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

5 Мардымдылықкен ауқымын жиектеу және оның қорын анықтау кезінде, яғни кеннің кәделі қоры мен тастанды қорының ара-жігін айыру барысында сол кенге тән шикізат сапасына және оның өндірістік-геологиялық сипаттарына койылатын талаптілектер жиынтығы. <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>. Кеннің мардымдылығын анықтау оның төмендегі көрсеткіштерін анықтаумен орайласады:

  1. кен қоры есептелген жеке жондарга тиесілі пайдалы түрбөлшектердің (компонент) ең төменгі өндірістік мөлшері;
  2. кен денесін жиектейтің өңірлерге тән руда сынамаларына тиесілі пайдалы түрбөлшектердің шектік мөлшері;
  3. руда денесі қалындығының ең аз мөлшері және оның орналасу терендігінің, ең жоғары көрсеткіші;
  4. рудалану коэффициентіңің ең аз мөлшері және жабық коэффициентінің ең жоғарғы мөлшері;
  5. зиянды түрбөлшектердің ең көп мөлшері;
  6. пайдалы қазба қорының ең аз дегеннің өзінде өндіріліп алуға тиіс мөлшері.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}