Марат Файзуллаұлы Жақсылықов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Марат Файзуллаұлы Жақсылықов (16 наурыз 1946, Қостанай қаласы — 7 шілде 2001, Алматы) — сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1993).
Өмірбаяны
- Новосибирск инженер-құрылыс институтын бітірген (1969).
- Қазақстан Автомобиль жолдары министрлігінің Алматы қалалық жобалау институтында архитектор (1969 — 70)
- Алматы қалалық жобалау институтында бас архитектор, атқарушы директор (1970 — 2000) қызметтерін атқарған.
Жақсылықов — бірнеше тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, ескерткіштер мен монументтердің авторы. Олардың ішінде:
- Қазақ академиялық драма театрын (1980, О.Ж.Баймырзаев, А.С.Қайнарбаевпен бірге)
- Алматының Cамал-2 ықшамауданы
- Желтоқсан көшесі бойындағы тұрғын үйлер құрылысын (1982, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық) жобалауға қатысты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>
Дереккөздер
<references/>