Марат Райымбекұлы Смайылов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марат Райымбекұлы Смайылов - 1957 жылы 22 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданының Луговое ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Смайылов Райымбек, марқұм, ҚазКСР Еңбек сіңірген мүғалімі. Анасы - Парманова Сейіткүл (1936 ж. т.), зейнеткер. Алматы энергетикалық институтын (1979) инженер-электрик мамандығы бойынша; «Әулие Ата» бизнес, құқық және инжиниринг университетін (2000) қаржыгер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1974 жылдан - В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ (1975 жылдан - Алматы энергетикалық институты) студенті.
  • 1979 жылдың қыркүйегінен - ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтының инженер-электригі.
  • 1979 жылдың қарашасынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1981 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитеті мектеп және студент жастар бөлімінің нұсқаушысы.
  • 1983 жылдың қазанынан - Қазақстан ЛКЖО облыстық комитеті комсомолдық ұйымдар бөлімінің нұсқаушысы, 1983 жылдың қарашасынан - мамандарды есепке алу және даярлау секторының меңгерушісі.
  • 1986 жылдан - Жамбыл қалалық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, 1988 жылдан - төрағасының орынбасары.
  • 1991 жылдың сәуірінен - Жамбыл қалалық Халық депутаттары кеңесінің маманы.
  • 1991 жылдың маусымынан - Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитеті партиялық бақылау комиссиясының мүшесі.
  • 1991 жылдың қазанынан - Жамбыл аймақтық мемлекеттік мүлікті басқару комитетінің жекешелендіру бөлімішілік бөлімінің бастығы.
  • 1992 жылдан - Жамбыл қалалық әкімшілігі Коммуналдық меншік басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1995 жылдан - Жамбыл аймақтық мемлекеттік мүлікті басқару комитеті төрағасының орынбасары.
  • 1997 жылдан - Жамбыл облыстық Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы.
  • 1998 жылдан - Жамбыл облыстық Мәдениет, спорт және туризм департаментінің бастығы.
  • 1999 жылдан - Жамбыл облыстық Жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы.
  • 2000 жылдан - Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасы бастығының м.а.
  • 2001 жылдан - Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау басқармасының бастығы.
  • 2008 жылдан бері - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, «Қазақстан Республикасындағы спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен, Көліктік бақылау комитетінің, Жамбыл облысы әкімінің (2000, 2007), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (2008) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алғыс хатымен ескерілген (2008). Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу үстіндегі Қазақстан». Хоббиі - атпен серуендеу. Сүйіп оқитын әдебиеті- қазақ халқының тарихы.

Үйленген. Жұбайы - Соппекова Жанар Байболқызы (1959 ж. т.), ҚР Мемлекөттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының кеңес берушісі. Қызы - Смайылова Индира Маратқызы, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ менеджері; ұлы - Смайылов Мұратхан Маратұлы, Ян Каменский атындағы Прага университетінің студенті, «Болашақ» стипендиаты.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық.Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub