Марат Наильевич Хайруллин
Марат Наильевич Хайруллин (Үлгі:Lang-tt; 26 сәуір 1984 жыл<ref>Тransfermarkt.com</ref>, Қазан, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2011-2014 жылдары Қазақстан құрамасында ойнаған. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы.
Карьерасы
"Рубин" клубының түлегі.
20017 жылы Қазақстанға бір жола келіп, "Ақтөбе" футболшысы атанды. 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алды да, бір жылдан соң Қазақстан Ұлттық футбол құрамасына шақырту алды. 2011 жылы 3 маусымда Әзірбайжанға қарсы ЕУРО-2012 іріктеу ойынында тұңғыш матчын өткізді.
Үш жылдан соң 2014 жылы 7 маусымда Мажарстанмен жолдастық кездесуде құрама сапында соңғы рет алаңға шықты.
2016 жылы "Ақтөбе" жетекшілері ауысты да, жаңа жетекшілер Марат Хайруллинді керексінбеді. Хайруллин "Оқжетпеске" ауысты.
Кейін "Атырау", "Қайсар" клубтарында доп тепті.
Жетістіктері
Командалық
- Қазақстан чемпионы (4): 2007, 2008, 2009, 2013
- Қазақстан күміс жүлдегері (2): 2010, 2014
- Қазақстан қола жүлдегері (3): 2011, 2012, 2015
- Қазақстан кубогы: 2008
- Қазақстан суперкубогы: 2008, 2014
- Футзалдан Татарстан кубогы: 2016
Жеке
- Қазақстанның үздік футболшысы: наурыз 2011, мамыр 2011, шілде 2012, сәуір 2013.