Марат Мәдетұлы Оралғазин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Марат Мәдетұлы Оралғазин — қазақстандық тележүргізуші, шоумен, сценарист, режиссёр және продюсер.

Танымал қазақстандық телехикаялардың сценарий авторы («$әке», «Бәсеке», «Патруль», «Вузеры»), «Пәленшеевтер» хикаясының бірінші маусымының режиссёры, радио («Бәрекелді») мен теледидардағы («Мәссаған», «Қызық Times», «Қызық LIVE») бағдарламалардың авторы және жүргізушісі. «Намыс дода», «Әзіл-студио», «Большая разница. Казахстан» телешоуларының сценарисі. «Маска» музыкалық шоуының қазылар алқасының мүшесі.

Өмірбаяны

Марат Оралғазин 1984 жылдың 27 тамызында Алматы қаласында, заңгер Мәдет Оралғазин мен мұғалім Ұлбала Бөрібайқызы Ниязованың отбасында дүниеге келген.

2001—2005 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде оқыды, 2005—2007 жылы оқуын халықаралық қарым-қатынастар факультетіндегі магистратурада жалғастырды. «СКЛ-КазГУград» командасының құрамында КТА (КВН) ойындарына белсенді түрде қатысты<ref>Үлгі:Cite web</ref>, 2009—2010 жылдары — ҚазҰУ жастар ұйымдары Комитетінің төрағасы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2003—2005 жылдары «Радио NS»-тағы «Бәрекелді» әзіл-оспақ шоуының авторы және жүргізушісі. 2006 жылдан бастап телевизияда жұмыс істейді. «Qazaqstan» арнасындағы «Тойбастар» және «Намыс дода», 31 арнадағы «Әзіл-студио» бағдарламаларының авторы. 2008—2010 КТК арнасындағы «Мәссаған» бағдарламасының сценарисі және жүргізушісі. 2010 жылы ресейлік Бірінші арнадағы «Большая разница. Казахстан» жобасының сценарийлерін жазды.

2011—2015 жылдары НТК арнасындағы «Вузеры» телехикаясының сценарийін жазып, сондағы рөлдердің бірін сомдады. 2016—2019 жылдары танымал «Патруль» телехикаясының идея авторы және сценарисі. 2014 жылы «Хабар» арнасындағы «Пәленшеевтер» телехикаясының бірінші маусымының қоюшы режиссёры болып, сценарийін жазды. Бұлардан бөлек бірқатар қазақстандық танымал телехикаялар идеяларының авторы және сценарисі («Бәсеке», «$әке» және т. б.).

2014—2020 жылдары «Хабар» арнасындағы «Қызық Times» ойын-сауық шоуының сценарисі және жүргізушісі. 2020 жылдан бастап бұл бағдарлама «Қызық LIVE» деген атаумен «Еуразия» арнасы мен YouTube желісінде шығады (өндіруші: BAS Production, екінші жүргізуші: Еркебұлан Мырзабек). Қазіргі таңда Марат Оралғазиннің YouTube-тағы арнасындағы жазылушылар саны 1,2 млн адамнан асқан.

2021 жылы Марат Оралғазин «Хабар» арнасындағы «Маска» музыкалық шоуының (халықаралық Masked Singer франшизасының қазақстандық нұсқасы) бірінші маусымының қазылар алқасына енді.

Фильмография

  • «$әке» веб-хикаясы (2020) — идея авторы (Рүстем Омаровпен бірге)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • «Қыз қиялы» телехикаясы (2020) — сценарист (Рүстем Омаровпен бірге)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • «Көкжал» шағын телехикаясы (2019) — сценарист (Рүстем Омаровпен бірге)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • «Жалғыз жауқазын» телехикаясы (2019) — сценарист (Рүстем Омаров және Леся Волщинамен бірге)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • «Патруль» телехикаясы (2016—2019) — идея авторы, сценарист
  • «Бөрі» шағын телехикаясы (2018) — сценарист
  • «Бақытсыздар бағы» телехикаясы (2018) — сценарист
  • «Бәсеке» телехикаясы (2017) — сценарист
  • «Пәленшеевтер» телехикаясы (2014—2018) — режиссёр (бірінші маусым), сценарист
  • «Вузеры» телехикаясы (2011—2015) — сценарист, актёр

Отбасы

Әйелі — Зита Байғазина. Үш баланың әкесі: ұлдары Асхат пен Алмас, қызы Әмина<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиет

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер