Марат Кенжебекұлы Дәдікбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Марат Кенжебекұлы Дәдікбай 1958 жылы 24 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған. Қазақ.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1980) журналист мамандығы бойынша; Алматы Жоғары партия мектебін (1992); Алматы саясаттану және басқару институтының әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы факультетін (1992) саясаттану мамандығы бойынша; «Болашақ» университетінің заң факультетін (2007) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1980 жылдан - ;;Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» газетінің тілшісі, 1981 жылдан - аға тілшісі, 1986 жылдан - өнеркәсіп және көлік бөлімі меңгерушісі. 1989 жылдан - Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1992 жылдан - Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі. 1994 жылдан - «Ақмола элеватор» АҚ вице-президенті (Ақмола қ.). 1995-1996 жылдары -Ақмола облыстық тұтынушылар одағының баспасөз хатшысы. 1997 жылдан - «Инфо-Цес» газетінің бөлім меңгерушісі (Астана қ .). 2000—2001 жылдары — «Шаған агрофирмасы» ЖШС директорыныңорынбасары (Астана қ.). 2002 жылдың сәуірінен - «Альянс-А ЛТД» ЖШС директорының орынба- сары (Астана қ.). 2002 жылдың маусымынан - «Қазақстан Күріш одағы» заңды тұлғалар қоғамының атқарушы директоры. 2008 жылдың қаңтарынан - Астана қ. «Рауан» баспа үйі» ЖШС коммерциялық директоры. 2008 жылдың қазанынан - Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас маманы. 2008 жылдың желтоқсанынан бері - Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының бастығы.

«Ең үздік журналист» белгісімен марапатталған (1999). Үйленген. Жұбайы - Дәдікбаева Гүлсінай Тоғызбайқызы. Ұлы - Дәдікбай Нүрлыбек; қызы - Дәдікбаева Нұртолқын.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub