Марат Зайлягиевич Мухитденов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мухитденов Марат Зайлягиевич1951 жылы 19 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының 15 ауылында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

  • 1967 жылы Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті аяқтады.
  • 1973 жылы Алматы шет тілдер институтын бітіріп, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Мұғалім, кейін Орал облыстық телевидения және радиосында редактор болды.
  • 1976 жылы Орал облыстық комсомол комитетіне шақырылды.
  • 1977 жылы Орал облысы Чапаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
  • 1980 жылы Алматы жоғарғы партия мектебіне жіберілді.
  • 1982 жылы Қазақстан Компартиясы обкомы мен Орал облаткомының инструкторы болды.
  • 1985 жылы Орал облысы Каменский аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланды.
  • 1988 жылы Орал облыстық баспаханасына директор болып ауыстырылды, ал 1992 жылы «Полиграфия» ОБ директоры етіп тағайындалды. Ол «Дастан» баспа-полиграфиялық корпорациясы» ААҚ болып өзгергеннен бері осы акционерлік қоғамның президенті.

ҚР медальдарымен және «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}