Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев (24 ақпан 1976 жыл, Қаратұрық, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және экономист, 2022 жылғы 11 маусымнан бергі Алматы облысының әкімі.
Білімі
Марат Сұлтанғазиев 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын және 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.
Қазір Сұлтанғазиев — саясаттану ғылымдарының докторы, экономист-финансист және заңгер.
Еңбек жолы
1997 жылғы шілдеден бастап Сұлтанғазиев салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады.
2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы шілдеге дейін ол Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің Аудит бөлімінің бастығы болса, бұдан кейін, 2007 жылғы ақпанға дейін ол Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы еді.
2007 жылғы ақпан мен 2008 жылғы шілде аралығында Сұлтанғазиев Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық аудиті басқармасының бастығы бола тұрды да, бұдан кейін, 2010 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары болды.
2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қазанға дейін Астанада Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры болған ол одан кейін, 2012 жылғы қарашаға дейін Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры
2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін ол Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі болса, 2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қарашаға дейін ол Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы) болды.
2014 жылғы қараша мен 2017 жылғы маусым аралығында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған ол одан кейін 2018 жылғы қазанға дейін Астанада Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі еді.
Сұлтанғазиев 2018 жылғы қазаннан 2021 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы қаңтарға дейін ол Қазақстан Қаржы вице-министрі бола тұрды да, 2022 жылғы қаңтардан маусымға дейін бірінші вице-министрі болған.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
2022 жылғы 11 маусымда Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Отбасы
Жұбайы — Қарагөз Сұлтанғазиева (1977 ж. туған).
Әкесі Елеусіз Сұлтанғазиев (1947 ж. туған) — Шелек ауданының бұрынғы әкімі, Үлкен Алматы каналының бұрынғы директоры.<ref>Әкеден өте туған, ағадан аса туған Сұлтанғазиев</ref> Анасы Гүлбахар Мансурова (1947 ж. туған) — «Баттал» шаруа қожалығының иесі.<ref>«Откуда деньги на часы»: аким Алматинской области Марат Султангазиев</ref>
Әпкесі Светлана Сұлтанғазиева (1973 ж. туған) — дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, 2022 жылдан бастап Қазақ ұлттық медицина университетінің проректоры болып қызмет атқарады.<ref>Правление НАО «КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова</ref>
Ағасы Қуат Сұлтанғазиев (1975 ж. туған) — мамандығы бойынша зооинженер және есепші, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің проректоры болып қызмет атқарады.<ref>СУЛТАНГАЗИЕВ Куат Елеусизович</ref><ref>Организационная структура</ref> 2022 жылғы ақпан айында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалып, сол жылы 11 маусымда өз еркімен қызметінен кетті.<ref>Брат нового акима Алматинской области Султангазиева освобожден от должности</ref>
Інісі Қанат Сұлтанғазиев (1978 ж. туған) — қаржы саласының маманы, кәсіпкер, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бұрынғы басқарушы директоры.<ref>СУЛТАНГАЗИЕВ Канат Елеусизович</ref><ref>Список аффилированных лиц акционерного общества «Ипотечная организации «Казахстанская ипотечная компания»</ref>
Марапаттары
- Құрмет ордені (2019)<ref>Үлгі:Cite web</ref>