Мандеялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мандеялар (Mandaeanism), гностиктердің ежелгі таяу шығыстағы сектасы; қазір де Иракта және Иранның оңтүстік-батысында кездеседі.<ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>.

Басқа да дуалистік ғылымдағыдай, жаныңды аман алып қалу үшін жоғарыдан келетін эзотериялық білім (гнозис) керек. Сектаның атауы mandayya — «білімі бар» деген сөзден шыққан. Олардың космологиясында жауыздық құдайы АРХОНТ жанның аспан денелері арқылы жоғарыдағы құдаймен қосылуына кедергі келтіреді. 

Өзге гностикалық жүйелерден бір ерекшелігі, мандеялар некелесуді қолдайды да, сексуалды азат етуге тыйым салады. Сондай-ақ аталмыш сектаға күрделі діни әдет-ғұрыптар, әсіресе, шоқыну салты тән.

Мандеялар ИИСУС ХРИСТАНЫ құдайдың қаһарына ұшыраған адам деп санайды, ал ИОАНН КРЕСТИТЕЛЬДІ мойындайды, оның өмір жолын өздерінің киелі кітаптарында жазады. Сондай-ақ қараң.: ДУАЛИЗМ; гностицизм.

Дереккөздер

<references> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}