Мандала Боранова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мандала Боранова(1919, Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылы – 1995) – еңбек ардагері, шопан. 1947 – 57 жылы Түрікменстандағы Бекдаш кентіндегі «Қарабұғаз» мекемесінде жұмысшы, 1957 жылдан Маңғыстау ауданы Правда ұжымшарында шопан болып ұзақ жылдар еңбек еткен. Октябрь революциясы орденімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>