Маната керуен сарайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Маната керуен сарайы (XIV ғасыр) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескерткіші 2006 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесінің археология бөлімі қызметкерлерімен айқындалған.
Керуен сарайдың қирамалары цоколды қаландылар деңгейінде сақталған. Тоғыз бөлмелі құрған құрылысы солтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыс кіндік сызығымен (ось) бойымен, көлемі 24×11 болатын, тікбұрышты пішінге ие. Шығыс бұрышында қосымша жапсарлас салынған көлемі 5×4,5 м бір бөлмелі құрылыс бар. Солтүстік бұрышта да жоспарында жартылай дөңгеленген қосымша құрылыс бар. Қабырға арасы бітеу 2 қатар етіп қалау тәсілімен өрілген. Тастар тігінен орнатылған тақта тастармен үйлестіріле жасалған. Қабырға ені 0,9-1,2 м.
Керуен-сарай аумағында және одан шығысқа қарай 150-200 м қашықтықта, (XIV ғасырға жататын) шарықта жасалған қыш сынықтары кездеседі. Керуен-сарайдан шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай мерзімі керуен сарай құрылысымен бір кезеңдік, бір үштепкішектік тұғыртастардағы салынған "сағаналық" типтегі қабіртастарға ие 3 қабірмен қазіргі замандық 2 қазақ бейіті орналасқан.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер