Мамай Жұмағұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мамай Жұмағұлұлы (1702 — 1799) — батыр. Орта жүз арғын тайпасының тобықты руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығында батылдығымен танылған. Қол басқарудағы көрегендегі, соғыс жүргізудегі шеберлігі үшін Кіші жүз ханы Әбілқайыр оған мыңбасы атағын берген. Нұралы хан тұсында Мамай Кіші жүздің басты батырларының бірі болды. Еділ, Жайық бойын, шығыстағы Алтай, Тарбағатай, Зайсан өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. 1780 жылы батыста жүрген аз санды тобықтыны Шыңғыстауға әкеліп орналастырды. Мамай батыр жайлы Ә.Әлімжанов кітап жазса, белгілі режиссер Ә.Мәмбетов кітап желісімен “Жаушы” кинофильмін түсірді. Сегізсері Баһрамұлының баласы МұсайынЕр Мамай”, белгілі айтыс ақыны Қ.АлтынбаевМамай батыр” дастандарын жазған. Батырдың ұрпақтары Шығыс Қазақстанның Арқат, Қарауыл, Қасқабұлақ, Көкбай ауылдарында және Семей қаласында тұрады. Семей қаласындағы бір көшеге Мамай батыр есімі берілген.

Өмірбаяны

Мамай батыр Жұмағұлұлы 1702 жылы Сырдария өзенінің жағасында туған. Моңғол шапқыншылығы басталған кезде Тобықты руы туған жері Шыңғыстауды тастап, Оңтүстік Қазақстанның Сырдария алқабын паналауға мәжбүр болды.

Мамай бала күннен өз тұстастарының арасынан ақылдылығы мен дене бітімі жағынан ерекше көзге түскен. Өзінің батырлық қасиеттерімен он үш жасынын бастап көріне бастаған. Жас жігіт жоңғарлармен шайқаста ерекше батылдық пен ержүректілік, ептілік танытып, жеке жеңістерімен әйгілі қазақ батыры Қанжығалы Бөгенбайдың ықыласына бөленеді. (1690-1775)

Абылай ханмен бірлесе отырып, Мамай тағыда бірнеше шайқастарға қатысады. 1731 жылы Мамай батырмен бірге қазақтың белгілі батырлары Қабанбай, Бөгенбай қатысқан Балқаш көлінің маңайында ірі шайқас болды. Қазақ әскеріне Абылай хан қолбасшылық жасады.Қазақ батырлары бірлесе отырып, жоңғарларды Батыс Қазақстаннан бастап, Ертістен асыра қуды. Қазіргі Абай ауданы Қызыл ту ауылының маңында Шаған өзенінің бойында ірі қақтығыс болып, «Шаған шайқасы» деген атпен тарихта қалды. Осы тарихи шайқастардың барлығында Мамай батыр Абылай ханның сенімді үзеңгілес серігі бола білді.

Аңыздарға қарағанда Мамай батыр 102 шайқасқа қатысып, жеңіп шыққан.

1799 жылы Мамай батыр 97 жасында Архатта қайтыс болды.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мамай Жұмағұлұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}