Малғаждар Саттарұлы Тәткеев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Малғаждар Саттарұлы Тәткеев (8 желтоқсан 1960 жыл Көкшетау облысы Қызыл Ту ауылы) - заң ғылымдарының кандидаты (2004).
- КСРО ІІМ Шымкент арнайы милиция орта мектебін (1983);
- КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген (1991), заңгер.
- 1983 жылдан - Көкшетау облыстық ІІБ ЕТК-72 жедел өкілі, аға жедел өкілі.
- 1992 жылдан - Көкшетау облыстық ІІБ Айыртау АІІБ тергеушісі.
- 1994 жылдан - Көкшетау облыстық ІІБ Арықбалық АІІБ бастығының орынбасары.
- 1996 жылдан - Көкшетау облысы ІІБ Арықбалық АІІБ МТКБ бастығы.
- 1997 жылдан 2007 жылға дейін - Көкшетау облыстық СПБ бастығының орынбасары, Ақмола облысы бойынша
ЭҚСЖҚКД бастығының орынбасары.
- 2009 жылдың наурыз айынан - ҚР ЭҚСЖҚКА ЭҚҚҚКД бастығының орынбасары.
- 2009 жылдың шілде айынан - СҚО бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясының) бастығы.
- 2010 жылдан бері - Қарағанды облысы бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясының) бастығы.
- Қаржы полициясының полковнигі.
Ғылыми жұмыстары
- Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қылмыстық істерді қосымша тергеу ендірісінің қылмыстық-процессуалдық, криминалистикалық және ұйымдастыру-тактикалық ерекшеліктері».
- 8 мақала мен жарияланымның авторы.
Марапаттары
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен (2005);
- «Милиция озаты» (1983),
- «Үздік қызметі үшін» (2008) белгілерімен марапатталған.
Көзқарастары
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан дамығанжәне бай мемлекетке айналады».
- Хоббиі - аңшылық, тау шаңғысы, жузу.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - И. Тургенев, Л. Толстой, I. Есенберлин, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ә. Кекілбаев, Д. Браун.
- Үйленген. Жұбайы - Тәткеева Гүлнәр (1960 жылы туған), жеке кәсіпкер. Ұлдары - Ербол (1985 жылы туған), Жантуар (2004 жылы туған), қыздары - Сәбина (1988 ж. т.), Мәдина (1989 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}