Максим Сергеевич Федин
Үлгі:Футболшы Максим Сергеевич Федин (8 маусым 1996, Екібастұз, Павлодар облысы) — қазақстандық футболшы, "Ертіс" футбол клубының шабуылшысы.
Мазмұны
Карьерасы
Клубтық
"Ертіс" (Павлодар) клубының түлегі. Жастар командасында ойнағанымен, кәсіби карьерасын 2014 жылы Астананың "Бәйтерек" клубында бастады. Бір жылдай ойнап, 24 ойында алаңға шықты, алты рет мергендігімен көзге түсті.
2015 жылы Сербияның "Спартак" командасына ауысқанымен<ref>http://www.sports.kz/news/maksim-fedin-v-baytereke-ya-priobrel-neobhodimyiy-dlya-vyistupleniy-za-rubejom-opyit</ref>, негізгі құрамға іліге алмай, 2016 жылы Қазақстанға оралды да, "Атырау" сапында доп тебе бастады. 2017 жылы Көкшетаудың "Оқжетпес" клубында бір жылдай бақ сынады, бірақ 26 кездесуде не-бары екі ғана гол соққан соң оны команда сатуға мәжбүр болды. Осылайша 2018 жылы Қостанайдың "Тобыл" командасына ауысты.
Қазақстан құрамасында
Қазақстанның 17, 19, 21 жасқа дейінгі құрамаларында ойнады. Негізгі құрамадағы тұңғыш ойынын 2018 жылдың соңында сырт алаңда Латвияға қарсы өткізді.
Жүлделері
Клубтық
- «Тобыл»
- Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2018
- «Ордабасы»
- Қазақстан Кубогы: 2022
Дереккөздер
Сілтемелер
- Ертіс ФК ойыншылары
- Бәйтерек ФК ойыншылары
- Спартак Суботица ФК ойыншылары
- Атырау ФК ойыншылары
- Оқжетпес ФК ойыншылары
- Тобыл ФК ойыншылары
- Қазақстан футболшылары
- 8 маусымда туғандар
- Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Қайсар ФК ойыншылары
- Ақтөбе ФК ойыншылары
- Тұран Түркістан ФК ойыншылары
- Ордабасы ФК ойыншылары