Максим Павлович Низовцев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:ФутболшыМаксим Павлович Низовцев (Үлгі:Туғанкүні, Үлгі:Туғанжері, Қазақ КСР, КСРО) — кеңестік және қазақстандық футболшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Қостанай футболының түлегі. Карьерасын 1991 жылы "Кустанаец" клубында бастаған. Клуб сапында КСРО-ның соңғы чемпионатында ойнады да, келесі жылы Қазақстанның жоғары тобына автоматты түрде жолдама алды. 1995-2003 жылдар аралығында Ресей клубтарында ойнап, 2004 жылы Қостанайға оралды.

Қазақстан Ұлттық футбол құрамасындағы алғашқы ойынын 1994 жылы 11 сәуірде Тәжікстанға қарсы өткізді. Ойын барысында Николай Курганскийдің орнына алаңға шықты. 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде Катардың қақпасына өзінің құрама сапындағы алғашқы голын енгізді. 1997-2003 жыл аралығында құрамаға мүлде шақырылмады. 2004 жылы қайта шақырылып, 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі бірнеше матчқа қатысып, 2005 жылы 3 қыркүйекте сырт алаңда Албанияның қақпасына гол соқты.

Ұлттық құрамада 16 ойын өткізіп, 2 доп соққан.

2009 жылы бапкерлік ғұмырын бастап, кезінде өзі ойнаған Калиниградтың "Балтика" жастар командасын екі жылдай жаттықтырды. Низовцевті "Тобылға" бапкер ретінде шақыру жайлы да сөз қозғалған болатын бірақ, команда директоры Николай Панин "Низовцевтің бапкерлік лицензиясы жоқ, сол себепті де клубқа жаттықтырушы бола алмайды" деп ол идеяны қуаттамады.

Жетістіктері

  • Қазақстанның күміс жүлдегері: 2005, 2006
  • Қазақстанның қола жүлдегері: 2004
  • Ресейдің қола жүлдегері: 1999

Көрсеткіштері

Жж клуб Матч Гол
1991 Үлгі:Flagicon Кустанаец 27 (2)
1992—1994 Үлгі:Flagicon Химик 99 (43)
1995—1999 Үлгі:Flagicon Балтика 121 (29)
1999 Үлгі:Flagicon ЦСКА 2 (0)
2000 Үлгі:Flagicon Балтика 22 (4)
2001 Үлгі:Flagicon Сокол 29 (2)
2002—2003 Үлгі:Flagicon Черноморец 36 (3)
2004—2005 Үлгі:Flagicon Тобыл 64 (27)
2006 Үлгі:Flagicon Ақтөбе 28 (3)
2008 Үлгі:Flagicon Восток 24 (4)

Басқа да фактілер

Әкесі Павел Низовцев те кәсіби футболшы болған. Қостанайдың "Автомобилист" клубында ойнаған.

Сыртқы сілтемелер