Макдональд Джон Александр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Макдональд Джон Александр (Macdonald, Sir John (Alexander)) (1815 жылы 11 қаңтар,Шотландияның Глазго1891 жылы 6 маусым Канаданың Оттава, Онтарио) – мырза, канадалық саясаткер, Канадағы Доминионның бірінші премьер-министрі (1867ж.-73ж., 1878ж.-91ж.). <ref> Britanica настольная энциоклопедия. Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT) ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)</ref>.

Баласымен Канадаға қоныс аударған; 1836 жылдан бастап Канаданың жоғарғы жағындағы Кингстонда (бұрынғы Онтарио) заңмен айналысады. 1844 жылдан бастап 1854 жылға шейін Канаданың шеткі аймақ ассамблеясын басқарған.

1854 жылы либералды- кертартпа партиясының ұйымдастырушысы болған (Канаданың прогресті-кертартпа партиясы), ал 1857 жылы Канада провинциясының премьер-министрі болған. Солтүстік Америкадағы Британия жайында акт қабылдауға көмектескен және конфедирацияны құруға еңбек еткен, соған сәйкес Канада Доминионы құрылған (1867).

Доминионның премьер-министрі болып, Тынық мұхиттың темір жолының құрылысының аяқталуына көмектескен және саудадағы тамыртаныстық саясатына қолдау көрсеткен. Кейін Канаданың ынтымақтастығына қауіп төнгендіктен қақтығысып, британ ұлттық ынтымақтастығының адалдығы үшін және АҚШ-тан тәуелсіз болу үшін күрескен.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}