Макарон тағамдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Макарон тағамдары құрамында белогы көп жоғары сортты ұннан жасалады. Макарон тағамдары: түтікшелі (макарондар, рожки), фигуралы (алфавит, жұлдызшалар, қауашақтар, құлақшалар, шығыршықтар тәрізді т.б.), вермишель (кәдімгі жұқа және өрмек, бантиктер тәрізді т.б.), кеспе сияқты түрлерге бөлінеді. Макаронның дәмдік қасиеттері ұзақ сақталады. Өте жұғымды, тез әрі оңай дайындалады. Макарон тағамдарын қайнаған тұзды суға (100 г құрғақ макарон тағамдарына 3 стакан су, жарты шай қасық тұз) салып пісіріп, бұдан кейін кепсерге салып алады да, жабысып қалмауы үшін суық сумен шаяды немесе бірден май салады. Ірі макарондарды шамамен 25—35 минут, кеспені 15—20 минут, вермишельді 12—15 минут, ал ең жіңішке вермишельді 5—10 минут пісіреді. Піскен макарон тағамдарына сары май салады, үгітілген сыр сеуіп, помидор, көкөніс, ет өнімдерін қосады; сондай-ақ жұмыртқа, томат қосып та пісіреді. Макароннан пісірілетін тағамдардың бәрін дерлік кестелеп, вермишель мен рожкиден де жасауға болады.

Суға пісіріп, май мен сыр қосқан макарон

Макаронды әдегтегідей пісіріп алады, суын төгіп, май салады, үгітілген сыр сеуіп, жақсылан араластырады. Ірімшік қосқан макарон. Макаронды пісіріп алып, шикі жұмыртқа, тұз және құмшекер салып араластырады. Ет тартқыштан өткізген ірімшікті мақаронмен араластырып. май жаққан табаға салып, тегістейді де, бетіне көптірілген нан сеуіп, май бүркіп, 10—15 минут духовкаға қояды. 250 г макаронға: 2 жұмыртқа, 1 стакан ірімшік, 2 ас қасық кептірілген нан, 2 ас қасық құмшекер, жарты шай қасық тұз, 1 ас қасық сары май қосады.

Помидор мен брынза қосып пісірген макарон

Макаронды пісіріп алып, суық сумен шаяды, сүзбе ожауға салып, суын әбден сарқады да 2—3 ас қасық еріткен май құнды. Помидор жуып, кесіп, елеуіштен өткізіп үгеді де, осы помидор сөлін макаронның үстіне құнды, үгітілген брынза қосып араластырады да, май жаққан қаңылтыр табаға салады. Макаронның бетіне үгітілген брынза не қышқыл сыр себеді, 4—5 ас қасық ерітілген май салып, духовкада пісіреді. Дастарқанға салатпен бірге қояды. 300 г макаронға: 500 г помидор, 1 стакан үгітілген брынза, 6—8 ас қасық сары май керек.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Макарон тағамдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}