Май ұлпасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Yellow adipose tissue in paraffin section - lipids washed out.jpg
Срез жёлтой жировой ткани в парафине.

Май ұлпасы (жировая ткань); (textus adiposus, {{lang-la|textus — ұлпа, adeps — май) - май жасушаларылипоциттерден (адипоциттерден) құралған дәнекер ұлпасының бір түрі.

Жануарлар организмінде қорланатын май ұлпасы құрылыс пен боялу ерекшеліктеріне байланысты екі түрлі: ақ май ұлпасы және қоңыр май ұлпасы болып ажыратылады. Ақ май ұлпасының жасушалары цитоплазмасының көпшілік бөлігін ірі май тамшысы алып жатады. Олардың сопақ келген ядролары жасуша цитоплазмасының бір жақ шетіне қарай ығыса орналасады. Қоңыр май ұлпасының клеткалары ұсақ, пішіні көп бұрышты болып келеді. Қоңыр май ұлпасы кемірушілерде, қыста ұйқыға кететін жануарларда, жаңа туған нәрестелер мен жас төлдерде болады. Қоңыр май ұлпасының ядросы жасуша цитоплазмасының орта бөлігінде, ал оның айналасында ұсақ май тамшылары орналасады. Май ұлпасы қоректік заттардың және судың қоры. Ол организмді суықтан қорғайды және жылуды аз жоғалтады. Сонымен қатар, май ұлпасы организмде механикалық кызметтер де атқарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>