Майра Шәкенқызы Айманова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Майра Шәкенқызы Айманова (15.5. 1936, Алматы- 29.3.1993, М.Айманова сонда) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1984). Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық-хор факультетін бітірген (1963). Қазақ опера және балет театрының труппасына қабылданып, өмірінің соңына дейін еңбек етті. Осы театр сахнасында қазақ, орыс және шет ел композиторларының опералық спектакльдеріне қатысып, Жансұлу (С.Мұхамеджановтың "Айсүлуында"), Мыстан (Е.Рахмадиевтің "Алпамысында"), Наза (З.Г. Исмагиловтің "Құдашасында"), т.б. партияларды орындады. Оның концерттік-орындаушылық репертуарынан халық әндері елеулі орын алды. Айманова Қазақ академиялық опера және балет театры құрамында республика қалалары мен шет елдерде де өнер көрсетті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}