Майра Смайылқызы Ғұмарова
Үлгі:Тұлға Майра Смайылқызы Ғұмарова (1961 жылы 27 сәуірде Гурьев облысы Балықшы ауданының Дамба ауылында туған) — журналист, мемлекеттік қайраткер.
Өмірбаяны
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1990), журналист. Ұлты - Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1978 жылдан - Маңғышлақ облысы Ерәлиев кенті №7 ОМ аға пионер жетекшісі.
1980 жылдан - «Маңғыстау» облыстық газетінің корректоры (Форт-Шевченко қ.).
1982 жылдан - Гурьев облысы Балықшы ауданының «Каспий арайы» газетінің корректоры.
1986 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті; Маңғышлақ облысы Қарақия ауданы «Түлеген түбек» газетінің бөлім меңгерушісі.
1995 жылдан - коммерциялық «Альбаз» телеарнасының журналисі (Жаңаөзен қ.).
1997 жылдан Жаңаөзен қаласы қалалық коммуналдық шаруашылық кәсіпорынының инженері.
2000 жылдан - коммерциялық «МИК ТВ» телеарнасының журналисі (Жаңаөзен қ.).
2001 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының маманы.
2001 жылдың шілдесінен - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бұқарамен байланыс бөлімінің бас маманы.
2002 жылдың шілдесінен - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бас маманы - баспасөз хатшысы.
2002 жылдың желтоқсанынан - Маңғыстау облысы әкімі аппараты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы - баспасөз хатшысы.
2003 жылдан - Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, 2005 жылдан - жетекшісі.
2006 жылдан - Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасының бастығы.
2012-2013 жылдары - Маңғыстау облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы.
Марапаттары
Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен аталған (2005).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub