Майра Бекжұманқызы Әбусейітова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Майра Бекжұманқызы Әбусейітова (1.5.1925 жыл, қазіргі Астана — 10.10.1996 жыл Алматы) — кинорежиссер, қазақ кино аударма өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975).
- Алматы киноактерлер мектебін бітірген (1947).
- Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының кионаударма бөлімінде ұзақ жылдар бойы еңбек етті.
Әбусейітова дубляж жасаған фильмдер ішінде
- “Отелло”
- “Сияуш туралы аңыз”
- “Қызыл бүрген”
- “Қылмыс пен жаза”
- “Нағыз адам туралы аңыз” т.б. бар.
“Қазақфильм” тарихында ол 500-ден астам фильмді қазақша сөйлетіп, көрермен назарына ұсынуға қатысты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}