Майра Арапқызы Айсина
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Майра Арапқызы Айсина (1956 жылы туған, Зеренді ауданы Костомаровка ауылы) — саясаткер, қайраткер.
Өмірбаяны
- Қарағанды мемлекеттік университетін (1981) бітірген.
- Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген.
- Қазақ Гуманитарлық Заң Университетітін (1991) бітірген.
- Еңбек жолын мектепте аға пионер вожатый болып бастаған (1974 — 80).
- Қарағанды облысы комсомол комитетінде нұсқаушы (1980 — 82)
- БЛКЖО ОК-нде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгеруші болып қызмет атқарған (1982 — 91).
- ҚР Жоғары Кеңесі депутатының көмекшісі (1991 — 92)
- Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қорында бөлім меңгерушісі (1992 — 93)
- ҚР Білім министрлігінде бөлім, басқарма бастығы (1994 — 2001)
- ҚР Премьер-министр кеңсесінде әлеуметтік-мәдени даму бөлімінде кеңесшісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (2001 — 05)
- ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр (2005 — 06)
- «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында жетекші (2006 — 07) қызметін атқарған.
- 2007 жылдан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Огай Евгений Павлович, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Мүліктік қатынастар департаментінің мүлікті оңтайлау басқармасының бастығының орынбасары.
- Қыздары - Дана, Светлана.
Марапаттары
Медальмен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref><ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>