Майбұлақ қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Майбұлақ қалашығы (X-XII ғасырлар) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Қордай ауданы, Кенен ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.
Зерттелуі, сипаты
1937 жылы Ю.Г. Платонов ашқан қалашықты 1979 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспедициясы (К. Байбосынов), 1984 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) зерттеген.
Зерттеу барысында сызба жобасы түсіріліп, үстінен біршама материалдар жиналды. Жобасында трапеция тұрпатты алаңның ұзындықтары: солтүстігі – 130, оңтүстігі – 80, шығысы – 100, батысы – 90 м. Қалашық ені 20-25 м, биіктігі – 3-3,5 м, үстінде 12 мұнараның қалдықтары бар үйінді жалмен қоршалған.
Жиналған материалдар – хум, көзе сияқты сырланбаған қыш ыдыстардың сынықтары. Бұл сынықтар осы күні Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің археология және этнография қафедрасының археология кабинетінде сақтаулы.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>