Майбұлақ мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Майбұлақ мұнай кен орны - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде. Құрылымы 1983-1984 жылдары сейсмобарлаудың нәтижелері бойынша анықталған. Барлау бұрғылауы 1989 жылы басталып, 1990 жылы аяқталған.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық жағынан солтүстік-батыс бағытта созылған жарылымды антиклинді қатпармен ұштасады. Қима бойынша 1090 м-ден 1300 м-ге дейінгі аралықта ортаңғы юра түзілімдерінде төрт мұнай шоғыры анықталған. Литолды құмтас, алевролит, саз және аргиллит қабаттарынан тұрады. Мұнай шоғырлары қабатты, дөңесті болып келеді.

Қанығу сипаты

Мұнайға қаныққан тиімді қабаттардың қалыңдығы 2,5 м-31,5 м. Коллекторлардың ашық кеуектігі 15,5-19,4%өткізгіштігі 0,015-0,062 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,52-0,63. Бастапқы қабаттық қысым 10,8-12,65 МПа, температурасы 46-53°С. ұңғымадағы мұнай шығымы 9,08-88,5 м3/тәулік аралығында. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,791 — 0,816 г/см3.

Құрамы

Қабаттық суы хлоркальцийлі, тығыздығы 1,043-1,065 г/см3, минералдары 57,3- 63,1 г/л. Су құрамында аз мөлшерде йодтың, бромның және бордың микроэлементтері бар. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер