Майбасар Өскенбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Майбасар Өскенбайұлы (1812) - Абайдың әкесі Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі. Құнанбай өзі 1849 жылы Қарқаралыға аға сұлтандыққа сайланған соң, өз орнына Күшік тобықты еліне Майбасарды болыс етеді. Майбасар халыққа көп қиянат жасаған ұрыншақ, сотқар адам болған. Тобықты елінде тертіп сақтауға келген әскери-губернаторлық қызметкерлерінің почта қағаздарын тартып алып, өздерін кен далаға тастап, аттарын аударып алып кеткені үшін қылмысқа да тартылған. Майбасарды Қүнанбай қорғап, желеп-жебеп отырған.

Абай Майбасардың ел адамдарына жасаған зорлық-зомбылықтарын ұнатпаған.

Жас көзінен-ақ оның оспадарсыз қылықтарынан аразылық көрсетіп, ретті жерінде қатты-қатты айтып тастап та отырған.

Ақын өлеңінде көп сыналатын ел бұзар тентектердің қатарында Майбасардың болғаны сөзсіз.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Bio-stub