Майбалық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Майбалық, шемей (Үлгі:Lang-la) <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - тұқытәрізділер отряды, тұқылар тұқымдасына жататын балық.

Зоологиялық сипаты

  • Ересектерінің ұзындығы 19 – 27 (31) см, салмағы 158 – 232 г.
  • Дене бітімі ұзынша келген, қабыршағы ұсақ.
  • Астыңғы жақ сүйегінің жоғарғы жағы жалпақтау және үстіңгі жақ сүйегіне қарағанда шығыңқы.
  • Басы мен арқа жағы қара түсті, көк түске құбылып тұрады. Екі бүйірі мен құрсақ тұсы күміс тәрізді ақ. Арқа және құйрық жүзбе қанаттарының жиегінде қара көмкерме сызығы бар.

Көбеюі

Жыныстық жағынан 2 – 6 жылда жетіледі. Бұрын көпшілігі уылдырығын теңіздің жағалауларына, өзеннің сағасына шашатын. Қазіргі уақытта Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдерде көбейеді. Уылдырығын (18,2-73,9 мың) мамыр-маусым айларында су температурасы 15°С болғанда, тереңдігі 0,5-2 м су түбіндегі тастарға шашады.

Қорегі

Шабағы алғашында планктонмен, кейін жәндіктермен, біркүндіктермен, кейде балдырлармен қоректенеді.

Тіршілік ету аймағы мен өрісі

Қара теңіз, Каспий, Арал теңіздерінің су алаптарында таралған. Өрістейтін және тұщы суда кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда екі түр тармағы: Каспий майбалығы (теңіздің оңтүстік-батысында кездеседі) және Арал майбалығы (қазір Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдер (Қараөзекті қоса алғанда) табиғи ареалында) тіршілік етеді. Арал теңізінен кәсіптік балық ретінде 1960 жылдарға дейін көп ауланған. Қазір олардың саны жылдан-жылға азайып келеді.

Дереккөздер

<references/>