Магниттік меридиан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Магниттік меридианМагнит өрісіне тән ортақ мөлшерге келтірілген кернеу сызықтарының жер бетіндегі нақты нүкте арқылы жүргізілген проекциясы болып табылатын түзу сызық. (қ. Жер магниттілігі).<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Жалпы мәліметтер

Географиялық солтүстік бағыт пен геомагнитті өріс кернеулігінің жазық бағыттағы түрбөлшегі аралығындағы бұрыш магниттік ауытқу деп аталады. Географиялық ендік көрсеткіштері өскен сайын магниттік ауытқу мөлшері де өсіп отырады.<ref name="s1"/>

Барлық Магниттік меридиан, күрделі қисық сызықтар түрінде Жердің оңтүстік және солтүстік магниттік полюсіне жиналады. Бақылаушы (құрал) орны арқылы өтетін және геомагнит өрісінің осы нүктедегі кернеулік векторы болатын вертикаль жазықтықты Магниттік меридиан жазықтығы деп атайды. Магниттік меридиан мен географиялық меридиан жазықтықтары аралығындағы бұрыш, яғни дәл осы маңдағы жер беті нүктесі магниттік бұрылу деп аталады. Жердің Магниттік меридианымен қатар геомагниттік меридиан ұғымы да жиі қолданылады. Ол жер бетінің қарастырылатын нүктесі арқылы өтетін жазықтық пен солтүстік және оңтүстік геомагнит полюстерін қосатын түзу сызықтың жер бетіндегі қиылысу сызығы болып табылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub

ar:مغناطيسية أرضية bg:Земно магнитно поле bs:Zemljino magnetno polje ca:Camp magnètic terrestre cs:Magnetické pole Země da:Jordens magnetfelt de:Erdmagnetfeld el:Γήινος μαγνητισμός en:Earth's magnetic field eo:Geomagnetiko es:Campo magnético terrestre fa:میدان مغناطیسی زمین fi:Maan magneettikenttä fr:Champ magnétique terrestre gl:Campo magnético terrestre he:השדה המגנטי של כדור הארץ hi:पृथ्वी का चुम्बकीय क्षेत्र hr:Zemljino magnetno polje hu:Földi mágneses mező it:Campo geomagnetico ja:地磁気 ko:지자기 lb:Äerdmagnéitfeld nl:Aardmagnetisch veld no:Jordens magnetfelt nv:Nahasdzáán bimagnetic field pl:Ziemskie pole magnetyczne pt:Campo magnético terrestre ro:Geomagnetism sh:Magnetsko polje Zemlje sk:Magnetické pole Zeme sr:Магнетско поље Земље sv:Jordens magnetfält ta:புவியின் காந்தப்புலம் th:สนามแม่เหล็กของโลก tr:Jeomanyetizma uk:Магнітне поле Землі vi:Từ trường Trái Đất zh:地磁场